Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеді

Опубликовано:

коронавирус-тест85
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал жайлы мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 26 ақпанда елімізде 351 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 15
  • Алматы қаласы - 110
  • Шымкент қаласы - 1
  • Ақмола облысы - 15
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 15
  • Атырау облысы - 3
  • Шығыс Қазақстан облысы - 22
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 14
  • Қарағанды облысы - 35
  • Қостанай облысы - 45
  • Қызылорда облысы - 6
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 26
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 35
  • Түркістан облысы - 3.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 302 059-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 421 адам аурудан жазылып шыққан.

Қазір елімізде, 22 912 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 2 592 пациент стационарда, 20 320 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 184 адамның жағдайы ауыр, 69 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 63 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958191-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-aitarlyqtai-azaidy/

pixel