Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Әуежай11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның Украинадағы елшілігі өзінің ресми Facebook парақшасында Украинада қалып қойған қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! 2022 жылдың 28 ақпанында сағат таңғы 9-30-да Львов қаласындағы қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін Украинадағы Қазақстан елшілігінен автобус жолға шығады деп жоспарлануда. Автобус 50 адамға арналған.

Елшіліктің мекенжайы: Ю.Ильенко, 26. Байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08.

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің веб-сайтында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде соңғы ақпаратты қадағалап отыруларыңызды сұраймыз.

Instagram – kazembukr

Facebook – KazEmbassyUkr

Telegam – t.me/KZembassyinUKR", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау үшін арнайы рейс 26 ақпанда Польшаның Катовицедегі әуежайынан орындалу керек болған еді.

Алайда жолдағы қиындықтарға байланысты репатриациялық рейс бүгін, 27 ақпан орындалады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958241-diplomattar-ukrainadagy-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel