Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 263-ке дейін азайды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен тәулікте елімізде 263 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 16
  • Алматы қаласы - 95
  • Шымкент қаласы - 2
  • Ақмола облысы - 10
  • Алматы облысы - 11
  • Шығыс Қазақстан облысы - 16
  • Жамбыл облысы - 3
  • Батыс Қазақстан облысы - 7
  • Қарағанды облысы - 20
  • Қостанай облысы - 29
  • Павлодар облысы - 23
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 29
  • Түркістан облысы - 2.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 302 322-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 833 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты.

28 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір елімізде 22 314 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 2 547 пациент стационарда, 19 767 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 185 адамның жағдайы ауыр, 62 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 55 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958308-qazaqstanda-bir-taulite-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-263-ke-deiin-azaidy/

pixel