Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау үшін алғашқы рейс Польшаға ұшып кетті

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау үшін алғашқы рейс бүгін Атыраудан Катовице қаласына ұшып кетті. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті Telegram каналында хабарлады.

Ведомство, Украинадағы жағдайға байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Сыртқы істер министрлігімен, Қазақстанның Украинадағы және Польшадағы елшіліктерімен, сондай-ақ "Эйр Астана" әуе компаниясымен бірлесіп, Қазақстан азаматтары үшін Украинадан репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтағанын атап өтті.

Сонымен қатар, бүгін, 28 ақпанда қазақстандықтарды эвакуациялау үшін КС 2203 бірінші рейсі Атыраудан Польшаның Катовице қаласына Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:53-те ұшып кеткені белгілі болды.

Әуе кемесінің типі А321, сыйымдылығы 179 орын.

Ал Катовице қаласынан Атырауға қайта ұшу уақыты Катовице уақыты бойынша 28 ақпан сағат 10:30-ға жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958330-ukrainadagy-qazaqstandyqtardy-evakuaciyalau-usin-algasqy-reis-polsaga-usyp-ketti/

pixel