Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде сүйікті қуыршағын Украина-Польша шекарасында қалдыруға мәжбүр болған 5 жасар қызды іздеп жатыр

Опубликовано:

қуыршақ
Фото: facebook/Ирина Ромалийская

Украин журналисі Ирина Ромалийская 27 ақпанда Украина мен Польша шекарасындағы "Шегини-Медика" өткізу пунктінде орын алған әсерлі оқиғаны бөлісті. Ол шекараға дейін жаяу келген бес жасар қыздың сөмкесіне сыймағандықтан жол жиегіне қалдырып кеткен қуыршағын қайтарып бергісі келетінін айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ирина Ромалийская Facebook желісіндегі парақшасында Украина тұрғындарының Польша шекарасына қалай жеткені туралы жазды. Ол өз анасының шекараға дейінгі сапары оңай болмағанын жеткізді.

"Анам шекарадан бір тәулікте жаяу жүріп өтті. Ығы-жығы адам. Олардың арасында қарттар, әйелдер мен балалар да бар. Қатты шаршаған жұрт көлікке отыруға сұранған. Аяқ созып, дамылдап алу үшін. Сосын қайтадан жаяу жүруге тура келген.

Ал шабадандарын сүйреп жүгіргендер тәуекелге баруда. Шабаданның дөңгелектері бірнеше шақырым жүрген соң сынып жатыр. Көтеріп алып жүру мүмкін емес. Сондықтан көпшілігі киім-кешек толы шабадандарын жол шетіне қалдырып кетуде.

Анам да жаяу жүріп келді. Құлады, бір аяғы шыдамады - cіңірі созылды ма, әлде үзіліп кетті ме тағы басқа да себеп болуы мүмкін", - деп жазды ол.

Ирина Ромалийская анасымен бірге шекараға жол тартқан басқа да жандар туралы да айтып, анасынан естіген әсерлі оқиғаны бөлісті.

"Анаммен бірге жолда бір жас отбасы да келе жатқан еді. Қолдарында емізулі нәресте, одан бөлек бес жастағы қыз және жеті жастағы ұл бала бар. Олар шабадандарының дөңгелегі сынып, жолда қалдыруға мәжбүр болыпты. Ал бес жастағы қыз баланың арқаға асатын сөмкесі болған. Оған әкесі кішкентай інісіне арнап алып шыққан бөтелкедегі сүтті салу керегін айтқан. Сондықтан сөмкедегі ойыншықты тастау керек болыпты.

Кішкентай қыз оның жай қуыршақ емес, досы екенін айтқан. Бірақ бес жасар қыз туған інісін де ойлап, ойыншығын жол жиегіне қалдырған. Қолын бұлғап, "досымен" жылап қоштасқан. Анам ол ойыншықты өзімен бірге ала келіпті, ондағы ойы шекарадан өткен соң әлгі қызды тауып алып, қайтарып беру. Бірақ содан бері оларды кезіктірмепті", - дейді журналист.

Ол анасының сол сәтті өмір бойы ұмытпайтынын алға тартады. Журналист фотодағы ойыншықтың иесін танитын жандар болса, қуыршақты балақайға қайтаруға ат салысуын сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958369-zelide-suiikti-quyrsagyn-ukraina-polsa-sekarasynda-qaldyruga-mazbur-bolgan-5-zasar-qyzdy-izdep-zatyr/

pixel