Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау әуежайында полицейді жарақаттаған көкшетаулық жігіт қамауға алынды

Опубликовано:

Қолынан кісен салынған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Атырау әуежайында полицейге дене жарақатын салған көкшетаулық жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайында полицейге қатысты зорлық-зомбылық қолданғаны үшін 25 жастағы ер адам ұсталған.

"Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі Көкшетау қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану дерегімен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ұсталған жігіт "Атырау–Нұр-сұлтан" бағытындағы рейс бортында мас күйінде болған.
Құқық бұзушы билік өкілінің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, бағынбады. Полиция қызметкерінің қызметтік киімін жыртып, дене жарақатын салды. Аталған дерек Қылмыстық кодексnің 380-бабының 1- бөлігімен (Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", -дейді көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңалбек Бекиев.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жаппай тәртіпсіздіктен зардап шеккен полицейдің жағдайы әлі де ауыр екенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958407-atyrau-auezaiynda-policeidi-zaraqattagan-koksetaulyq-zigit-qamauga-alyndy/

pixel