Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратқан Петропавл тұрғыны ұсталды

Опубликовано:

Телефон
Көрнекі фото: pxhere.com

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан Петропавл тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласында алкогольдік сусын тұтынған ер адам “102” арнасына хабарласып, Заводская көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде жарылғыш зат қойылғаны туралы айтқан.

Оқиға орнына тез арада тәртіп сақшылары мен арнайы мамандар жеткен.

Тексеру кезінде олар жарылғыш затты таппаған.

Кейінірек алкогольді сусын тұтынған 38 жастағы жергілікті тұрғынның жалған ақпарат бергені анықталды.

Аталған факті Қылмыстық кодекстң 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

"Жалған терроризм фактісі бойынша құқық қорғау органдарының жедел ден қою қызметтерін тартуға тура келеді. Мұндай оқиғалар объектілердің жұмысын тоқтатып, мүлік иелеріне материалдық шығын келтіреді, ғимараттарды тексеру үшін адамдар сыртқа шығарылады, бұл олардың алаңдауына әкеледі.

"Телефон терроризмі” үшін қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес ірі көлемдегі айыппұлдан бастап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгені туралы еске саламыз", – деді Петропавл қалалық полиция басқармасы екінші бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958421-zarylgys-zat-turaly-zalgan-aqparat-taratqan-petropavl-turgyny-ustaldy/

pixel