Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызметтік көлігімен әйелді қағып кеткен павлодарлық полицей жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодарда Малайсары батыр көшесінің бойындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында жол апаты болды. Келіншек жолды кесіп өткен, ал полицей оны өткізбей қағып кеткен. Зардап шеккен азаматша ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегіне сүйенсек, 37 жастағы полицей 24 ақпан күні сағат 19:30-да "Нива" қызметтік көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Келіншек Малайсары батыр-Иванов ауданындағы жаяу жүргіншілер жолынан өткен екен. 55 жастағы әйелдің аяғының буыны шығып, ауруханаға түсті. Ал полицей қызметінен айырылды.

"25 ақпан күні полицейдің әрекеті ПД әдептіәк комиссиясында қаралды. Қызметкер полиция қызметкері атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылады. Сондай-ақ, бірқатар басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды",- деді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзу туралы бап бойынша қылмыстық іс ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958474-pavlodarda-qyzmettik-kolikpen-aieldi-qagyp-ketken-policei-zumystan-quyldy/

pixel