Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда әйелімен жанжалдасқан тұрғын полицияға хабарласып, өзін әкетуді сұраған

Опубликовано:

Жұдырық түйген жігіт
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодар тұрғыны полицияға түнгі бір шамасында жүгініп, өз әйеліне айқай шығарғанын айтқан. Ол өзін бөлімшеге алып кетуді сұраған соң тәртіп сақшылары еш қарсылық таныта алмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құқыққорғау органдарына қоңырау 27 ақпан күні Павлодар қаласы Ломов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен түскен. Хабарласқан азамат үйде қалғысы келмейтінін айтып, өзін полиция учаскесіне алып кетуді сұраған.

Ол әйеліне шу шығарғанын мойындаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, ер адамның тілегін орындаған. Ол бөлімшеде көп уақыт өткізген жоқ. Қала тұрғынына жұбайы келіп, алып кетті.

Айта кетейік, дәл сол күні полицейлерге баласының шулағанын айтқан зейнеткер де жүгінген еді. Ол ересек ұлы пәтердің тас-талқанын шығарғанын айтты. Ер адамды тек тәртіп сақшылары сабырға келтірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958476-pavlodarda-aielimen-zanzaldasqan-turgyn-policiyaga-xabarlasyp-ozin-aketudi-suragan/

pixel