Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"TikTok-та Қорғаныс министрлігінің аккаунты ашылды": Желіде кезекті фейк көптің талқысына түсуде

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

TikTok әлеуметтік желісінде Қорғаныс министрлігіне тиесілі аккаунт пайда болды. Алайда бұл фейк, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Логині mod.gov.kz деп аталатын TikTok пайдаланушысы ондаған бейнеролик жариялап үлгерген.

Олардың бір бөлігі – қарулы күштерімен байланысты оқу-жаттығулардың видеолары мен жаңалықтардан үзінділер.

Бұған қатысты қорғаныс министрлігі пікір білдірді.

"TikTok аккаунты фейк болып табылады. Оның қорғаныс министрлігінің ресми аккаунттарына қатысы жоқ", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958490-tiktok-ta-qorganys-ministrliginin-akkaunty-asyldy-zelide-kezekti-feik-koptin-talqysyna-tusude/

pixel