Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды: Тараптар қандай шешімге келді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pxhere.com

Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері аяқталды. Тараптар алдағы күндері тағы да кездеседі деп күтіліп отыр.

Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк тараптар маңызды тақырыптарды көтеріп, келіссөздердің жаңа раунды туралы талқылағанын айтты.

Бүгінгі кездесу аяқталғаннан кейін өкілдер кеңес алу мақсатында ел астанасына оралады, деп жазады РБК.

Ресей делегациясының өкілі Владимир Мединский келіссөздер шамамен бес сағатқа созылғанын, олар күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қарағанын жеткізді.

Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы келіссөздер оң нәтиже әкеледі деген үміт бар, егер олай болмаса, жұмыс жалғаспас еді, деді Думаның Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Беларусь мемлекетінің аумағында Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер басталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1958496-resei-men-ukraina-arasyndagy-kelissozder-ayaqtaldy-taraptar-qandai-sesimge-keldi/

pixel