Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады: ТЖМ халықты сабыр сақтауға шақырды

Опубликовано:

Дабыл
Көрнекі фото: pexels.com

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 1 наурызда бүкіл ел бойынша дабыл жүйесі іске қосылатынын хабарлап, қазақстандықтарды сабыр сақтауға шақырды. Ведомство республика аумағында құлақтандыру жүйесі тексерлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, тексеру жұмыстары Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай жүргізілмек.

Министрлік құлақтандыру жүйесін тексеру соңғы уақытта әлемде болып жатқан геосаяси жағдайларға қатысы жоқ екенін атап өтті.

"Бұл табиғи және техногенді төтенше жағдайлар бола қалса, ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын өткізілетін шара. Дыбыстық сигналды естісеңіз, үрейге бой алдырудың қажеті жоқ.

"Баршаның назарына!!!" дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек", - дейді ведомстводан.

Дабыл жүйесі бүкіл Қазақстан бойынша 09:00-12:00 аралығында қосылады.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ескерту жүйесін тексеру сағат 10:10-да басталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958527-bugin-bukil-qazaqstan-boiynsa-dabyl-zuiesi-iske-qosylady-tzm-xalyqty-sabyrlyq-saqtauga-saqyrdy/

pixel