Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Алматы "жасыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Бетперде
Көрнекі фото: pixabay.com

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Алматы қаласы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ;
  • "сары" аймақта тек Солтүстік Қазақстан облысы;
  • "жасыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары тұр.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 228 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1627 адам аурудан жазылып шықты.

Қазір Қазақстанда 20 891 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 2 391 пациент стационарда, 18 500 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

193 адамның жағдайы ауыр, 55 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 45 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958536-koronavirus-almaty-zasyl-aimaqqa-otti/

pixel