Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет пен Ұлттық банк теңге бағамын нығайту бағдарламасын іске асырады

Опубликовано:

Үкімет ҚР
Фото: primeminister.kz

Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны бақылауды және валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов министрлер кабинетінің отырысында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлихан Смайылов сыртқы саяси ахуал күрт шиеленіскен уақытта үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға кіріскенін хабарлады.

"Жоспар инфляцияны бақылауда ұстауға және валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтауға, жұмыспен қамтуды қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шараларды қамтиды", - дейді ол.

Cонымен қатар, қаржы нарығының, теңгемен ашылған депозиттердің тұрақтылығын қамтамасыз етуі үшін үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып, ұлттық валютадағы салымдарды қолдау бағдарламасын іске асырмақ.

Оған сәйкес, теңгемен ашылған депозиттерге өтемақы қосу көзделген.

Бұдан бөлек, үкімет отырысында бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында инфляцияны бақылау және төмендету бойынша жаңа шаралар қабылданатыны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1958557-ukimet-pen-ulttyq-bank-tenge-bagamyn-nygaitu-bagdarlamasyn-iske-asyrady/

pixel