Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде запастағы 190 офицер әскери қызметке шақырылды

Опубликовано:

Әскерилер
Көрнекі фото: NUR.KZ

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулыға қол қойды. Құжат primeminister.kz сайтында жарияланды.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2022 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулы мәтінінде.

Қаулыға бекітілген қосымшада Қарулы күштер қатарына 150, шекара қызметіне 40 адам шақыртылатыны айтылған.

Осылайша, шақыртылғандар саны 190 адамды құрап отыр. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң, яғни 11 наурызда қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958685-elimizde-zapastagy-190-oficer-askeri-qyzmetke-saqyryldy/

pixel