Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында отбасылық кештен кейін үш адам қайтыс болды

Опубликовано:

Өрт
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Ақмола облысы Бұланды ауданы Купчановка ауылында жергілікті тұрғын үйде өрт болды. Оқиға орнында үш адамның өртенген мәйіті табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын үйде олар балаларының кәмелет жасқа толған күнін тойлаған. 46 жастағы келіншек салтанатты жиынға өз достарын шақырған. Алайда туған күн қайғылы жағдаймен аяқталды.

Өрттің 81 шаршы метр аймақта не себептен шыққаны әзірге белгісіз.

Оқиға орнына келген құтқарушылар екі әйелдің денесін тапты. Олардың бірі - үй иесі. Сондай-ақ, 28 жастағы азаматтың да мәйіті анықталды.

Қонаққа келгендердің бірі өрт кезінде терезеден шығып үлгерген, дәл сол тұрғын өрт сөндірушілерді шақырған. Өрт таңғы 04.55-те толығымен сөндірілді.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958687-aqmola-oblysynda-otbasylyq-kesten-keiin-us-adam-qaitys-boldy/

pixel