Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадағы тағы 600 Қазақстан азаматының эвакуациялауға өтініш бергені анықталды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Украинадан отанға оралғысы келетін қазақстандықтардың саны күн санап артып жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшісінің кеңесшісі Сергей Коновалов хабарлады, деп жазады Қазақпарат.

Коноваловтың сөзінше, жуырда ғана 600 адам эвакуациялауға өтініш берген.

Осылайша біздің консулдықтың есебінде 1,5 мың адам тұр, дейді Қазақстанның Украинадағы елшісінің кеңесшісі .

"Қазақстанның Украинадағы елшілігі істің соңына дейін болады. Әзірге мүмкіндік бар кезде азаматтарымызды аталған елден эвакуациялайтын боламыз", - деді ол.

Сондай-ақ, елшілік өкілі Украинада көлікпен адам тасу құнының бірнеше есеге өсіп кеткенін алға тартты.

"Көлік бағасы қазір өте қымбат. Украинаның Львов қаласына дейін және Польша шекарасында автобустың құны 10-15 мың долларға дейін жетеді.

Сол себепті қазіргі уақытта елшілікті қамтамасыз ету және эвакуацияны жалғастыру үшін қосымша қаржыландыру мәселесі шешілуле. Қазақстан азаматтарын бүгінге дейін эвакуациялау процесі бүгінге дейін бірнеше адамның ортақ еңбегі", - деді Коновалов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958759-ukrainadagy-tagy-600-qazaqstan-azamatynyn-evakuaciyalauga-otinis-bergeni-anyqtaldy/

pixel