Коронавирус: Қазақстанның неше өңірі "сары" аймақта
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
2 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:
- "қызыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ;
- "сары" аймақта тек Солтүстік Қазақстан облысы;
- "жасыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары тұр.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 260 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958766-koronavirus-qazaqstannyn-nese-oniri-sary-aimaqta/