Қаңтар оқиғасында бүлікшілер қиратқан Алматыдағы президент резиденциясы сүрілетін болды
Опубликовано:

Алматы қаласындағы президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады", - деді Берік Уәли.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958867-qantar-oqigasynda-buliksiler-qiratqan-almatydagy-prezident-rezidenciyasy-suriletin-boldy/