Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай ойдан аулақ болуға шақырамын": СІМ өкілі қазақстандықтарға қазір Украинаға бармауға кеңес берді

Опубликовано:

Әуежайдағы жолаушылар
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев мәжіліс кулуарында Қазақстан азаматтарын әскери іс-қимылдарға қатысу үшін Украинаға бару туралы ойдан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері "Қазақстан билігінде ел азаматтарын әскери-іс қимылдарға қатысудан сақтайтын қандай да бір тетік бар ма?" деп сұрады. Журналистер әлеуметтік желіде кейбір қазақстандықтардың Украина үшін соғысуға шақырып жатқанын атап өтті.

Бұған қатысты Шахрат Нұрышев өзінің пікірін білдірді.

"Біріншіден, қазір Украинаға жету қиын, өйткені логистикамен үлкен мәселелер бар. Екіншіден, мен біздің азаматтарымызға қазір Украинаға баруға кеңес бермес едім", - дейді ол.

СІМ өкілінің сөзінше, егер Украинаға барған қазақстандықтар бір жағдайға тап болса, мұндай жағдайларды шешу жауапкершілігі елшілік пен Сыртқы істер министрлігіне жүктеледі.

"Қазір Украинаға баруды ойлап жүрген бұл азаматтар ертең қандай да бір жағдайға тап болса, алдымен кімге жүгінеді? Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне және елшілікке. Мен азаматтарымызды мұндай ойдан аулақ болуға шақырамын", - деді Шахрат Нұрышев.

Сонымен бірге, ол 23 ақпанға дейін Air Astana әуе компаниясының ұшақтары Киевке аптасына төрт рет ұшып отырғанын атап өтті. Сол кезде елшілік қазақстандықтарға елден кетуге кеңес берген. Алайда, Нұрышевтың сөзінше, әскери операция басталғаннан кейін елшіліктің жұмысына қатысты сын айтыла бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958877-mundai-oidan-aulaq-boluga-saqyramyn-sim-okili-qazaqstandyqtarga-ukrainaga-barmauga-kenes-berdi/

pixel