Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде тұрып қалған қазақстандық тауарлар Еуропаға Латвия арқылы жеткізілуі мүмкін

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Еуропалық одақ елдері мен Ресей Федерациясы арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалдары бойынша проблемалар туындап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазіргі уақытта индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ҚТЖ" ұлттық компаниясы бірлесіп, Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга транзиттік порттары қабылдаудан бас тартқан, Ресей кемелерімен Санкт-Петербург және Новороссийск қалаларының порттары арқылы жүктерді тасымалдау кезінде туындаған проблемаларды шешу үшін шаралар қабылдап жатыр.

Ресей аумағында орналасқан жүктерді Латвияның Рига және Вэнстпилс порттарына жіберу мәселесі қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ, отандық экспорттаушыларға балама ретінде Ақтау және Құрық порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалану ұсынылды.

Бүгінгі тағда аталған бағытпен Ақтау және Баку порттары арасында тұрақты контейнерлік қатынас және Құрық – Баку паромдық қатынасы жолға қойылған.

Сонымен қатар, министрлік Транскаспий халықаралық көлік бағытын үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Бакуде Әзербайжан, Грузия және Түркияның құзырлы органдарымен және көлік ұйымдарымен кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Мәскеуде "ҚТЖ" ұлттық компаниясы қазақстандық жүктерді тасымалдау логистикасы мәселелері бойынша Ресей темір жолдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанында теміржол жүк тасымалы мәселелері бойынша жедел желі ашылды.

Оның ішінде:

жүктерді басқа бағытқа жіберуге өтінімдер қабылдау және кеңес беру (межелі станциялардыөзгерту, алғашқы тиеу станциясына қайтару жәнет.б.) бойынша "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нан жауапты маман - С. Абжалеев, телефоны: 8 (702) 164-55-39, 60-31-33; "ҚТЖ "ҰК" АҚ-нан кедендік қызметке байланысты сұрақтар бойынша кеңес беретін қызметкер (Г. Хайрулина телефоны: 60-30-19, 8 (701) 341-32-20).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959023-reseide-turyp-qalgan-qazaqstandyq-tauarlar-europaga-latviya-arqyly-zetkizilui-mumkin/