Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 62 қару Тараз қаласынан табылды

Опубликовано:

Қару жарақ
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруларды Тараз қаласынан тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз қаласында жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрланған қару-жарақты табу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгенін хабарлады.

Комитет дерегінше, осы жылдың қаңтар айынан бері қару-жарақ жасырынған 8 орын анықталған.

"Арасында "Калашников" автоматы, әртүрлі модификациядағы тапаншалар, тегіс ұңғылы мылтық және "келте мылтық" бар. Олардың саны 62. Сондай-ақ, тротил шашкалары мен 2 мыңға жуық оқ-дәрі алынды", - дейінгі хабарламада.

Қазіргі уақытқа сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған сәйкес, қару-жарақты ұрлауға қатысы бар адамдарды іздестіру жұмыстары жалғаспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959028-qantar-oqigasy-kezinde-urlangan-62-qaru-taraz-qalasynan-tabyldy/