Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облыстық көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері парамен ұсталды

Опубликовано:

Алматы облысында үш қызметкер пара алды деген күдікпен ұсталды
Илюстрациялық сурет: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті және Талдықорған көлік прокуратурасымен бірлесіп Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметін әшкереледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram каналында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, бөлім басшысы мен оның қол астындағы екі қызметшісі 2021 жылдың басынан бастап 2022 жылдың ақпан айына дейінгі кезеңде кәсіпкерлерден автомобиль жолдарында кедергісіз жүріп өткені және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін жүйелі негізде 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алып отырған.

Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталып, Талдықорған қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері күдіктілерге қатысты түпкілікті үкімді олардың кінәлілік дәрежесін анықтай отырып, сот шығаратынын атап өтті.

Еске салсақ, жақында Алматы облысында Қытаймен шекарадағы "Нұр Жолы" кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасарының ұсталғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959029-almaty-oblystyq-koliktik-baqylau-inspekciyasynyn-us-qyzmetkeri-ustaldy/

pixel