Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемендік полицей соққыға жығылған әпкелі-сіңлілі қыз балаларды тауып алды

Опубликовано:

ренжіп отырған қыз бала
Илюстрациялық сурет: pixabay.com

Өскеменде полицей саяжай кооперативтерінің бірінің қасында тұратын тұрмысы нашар отбасының кішкентай қыздарын өзімен бірге алып кеткен. Айтуынша, олар соққыға жығылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор Расул Абаев кезекті рейд кезінде аталмыш отбасының үйіне бас сұққан.

Аға лейтенанттың айтуынша, балалардың ата-аналары ішімдікке әуес. Оларға ұлдары да қосылған. Жас жігіт 13 жасынан бастап ішімдік іше бастаған, колонияларда бірнеше рет жазасын өтеп, кейін үйіне оралған.

Инспектордың сөзінше, ол ішімдік ішпесе сабырлы болып жүреді, ал ішімдік ішсе, ешкімге бағынбай кетеді.

Расул Абаев сондай бір сәтте жігіт жеті және үш жастағы қарындастарын ұрып тастағанын атап өтті. Салдарынан қыздардың бірі бас сүйек-ми жарақатын алған.

"Үйге кірсем, барлық жер шашылып жатыр. Балалар жоқ. Жапқышты ашсам, олар сол жерде жатыр, соққыға жығылған. Балаларды алдым да, жүгіре жөнелдім. Ағасы артымнан пышақ ала жүгірді. Мас күйде еді", - дейді аға лейтенант.

Көлігінің жанына келген соң, инспектор жедел жәрдемге қоңырау шалған. Қазір қыздардың ағасы өз ісіне өкінетінін айтып, қарындастары үйіне оралғанын қалап жүр.

Алайда Расул Абаев қыз балалардың тағдыры наурыз айында өтетін сот отырсында шешілетінін айтады.

Еске салсақ, ақпан айында Екібастұзда аш-жалаңаш күйде табылған төрт баланың оқиғасы үлкен резонанс тудырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959082-oskemendik-policei-soqqyga-zygylgan-apkeli-sinlili-qyz-balalardy-tauyp-aldy/

pixel