Қазақстан әскері неге күшейтіліп жатыр: Қорғаныс министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Сарбаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазір Қазақстан әскері неге күшейтіліп жатыр? Жаңа қару-жарақ жүйелерін сатып алу туралы шешім не себепті қабылданды? Бұл сұрақтарға Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдинов сенат куларында жауап берді.

БАҚ өкілдері әскердің күшейтіліп, оқу-жаттығу жұмыстарының өткізіліп жатқанына, запастағы офицерлердің қайта шақырылғанына не себеп болғанын сұрады.

Бұл сұраққа жауап берген Камалетдинов әрекетсіз отыра алмайтынын мәлімдеді.

"Кез келген агрессияны жоюға дайын болу - олардың негізгі мақсаты. Сондықтан сабақтар, түрлі жаттығулар өткізіледі.

Оның үстіне, осы кезеңде роталар мен батальондардың реттелуі жүріп жатыр, сондықтан Қазақстан аумағы бойынша техниканың орны ауысады", - деп жауап берді вице-министр.

Сондай-ақ, ол кеше Тоқаев кеңес өткізіп, Қарулы Күштеріді жаңғырту жөнінде бірқатар міндет қойғанын еске салды.

"Мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес жоспарланған жаңа қару-жарақ жүйесін сатып алу көзделіп отыр. Әскери-теңіз күштері, Әуе қорғанысы күштері үшін броньды танк, зымыран-артиллериялық қару - жарақ техникасы сатып алынады", - деп толықтырды Камалетдинов.

Вице-министр сондай-ақ запастағы офицерлерді мерзімді әскери қызметке шақыру туралы үкімет қаулысының шыққанын растады.

"Расында, запастағы офицерлерді мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Үкіметтің қаулысы шықты: 190 адам. Оның 150-і ҚР Қарулы күштеріне барады",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959087-qazaqstan-askeri-nege-kuseitilip-zatyr-qorganys-ministrligi-zauap-berdi/