Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның Украинадағы елшілігі: Киевтен 18 қазақстандық мінген автобус жолға шықты

Опубликовано:

Автобус
Видеодан кадр: t.me/KZembassyinUKR

Украина астанасы Киевтегі Қазақстан елшілігінің ғимаратынан 18 қазақстандық мінген автобус жолға шықты, деп хабарлайды ведомство ресми Telegram-каналында.

"Бүгін Киевтегі Қазақстан елшілігінен Қазақстан Республикасының 18 азаматы (оның ішінде төртеуі бала) мінген кезекті автобус аттанды.

Львов тасжолында олар халықаралық автобусқа отырып, Польшаның Катовице қаласына барады. Содан кейін үшінші репатрациялық рейспен Қазақстанға жөнелтіледі", - делінген Қазақстан елшілігінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін 28 ақпанда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы рейс Алматыға ұшып келгенін хабарлаған едік.

Бортта 175 жолаушы, оның ішінде 169 ересек, 6 сәби болған.

Ал 1 наурызда қазақстандықтар мінген екінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтанға ұшып келді. Бортта 120 жолаушы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959143-qazaqstannyn-ukrainadagy-elsiligi-kievten-18-qazaqstandyq-mingen-avtobus-zolga-syqty/

pixel