Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көлігіне "Z" белгісін жапсырып алған жүргізуші жауапқа тартылды

Опубликовано:

Көлік
Фото: instagram.com/police_shymkent

Шымкентте артқы терезесіне "Z" белгісін жапсырып алған көлік жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті Instagram парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, 2 наурызда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет барысында С. Бәйтереков көшесінің бойында артқы терезесінде "Z" белгісіндегі жапсырма бар көлік жүргізушісін тоқтатқан.

Тәртіп сақшылары Kia Soul жүргізушіне бұл әрекетінің заңсыз екенін түсіндірген.

Сонымен қатар, аталған факті бойынша көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігі бойынша (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылған.

Бұл бапта 5 АЕК мөлшерінде, яғни 15 315 теңге сомасында айыппұл салу қарастырылған.

Айта кетсек, Украинадағы әскери операцияға жұмылдырылған ресейлік әскери техникаларда "Z" белгісі бар.

Сондай-ақ, Ресейдің Қорғаныс министрлігі өзінің Instagram парақшасында әскери техникалардағы "Z" және "V" әріптері қандай мағына беретінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959148-symkentte-koligine-z-belgisin-zapsyryp-algan-zurgizusi-zauapqa-tartyldy/

pixel