Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Самұрық-Қазына", "Самұрық-Энерго" және "Қазақстан Темір Жолы" басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр

Опубликовано:

Шенеунік11
Көрнекі фото: pexels.com

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Самұрық-Энерго" және "Қазақстан Темір Жолы" ҰК басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram-каналында хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Самұрық-Энерго" және "Қазақстан Темір Жолы" ҰК басшылығына қатысты жеке компаниялардан пайда алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша тергеу жүргізуде", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, мемлекетке аса ірі мөлшерде 3,8 млрд теңге сомасында залал келтірілген.

Сондай-ақ, ведомство тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959153-samuryq-qazyna-samuryq-energe-zane-qazaqstan-temir-zoly-bassylygyna-qatysty-tergeu-zurip-zatyr/

pixel