OneWeb Байқоңырдан спутниктерді ұшыруды тоқтатты
Опубликовано:

OneWeb компаниясының басшылығы Байқоңыр ғарыш айлағынан барлық ұшыруларды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мәлімдеме бүгін, 3 наурызда компанияның ресми сайтында жарияланды.
"OneWeb директорлар кеңесі Байқоңырдан барлық ұшыруларды тоқтатуға дауыс берді", - делінген хабарламада.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, британиялық жерсеріктерді Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру 5 наурызға жоспарланған болатын.
Бірақ 2 наурызда Роскосмос жерсеріктерді ұшыру үшін Ұлыбритания OneWeb акционерлерінің құрамынан шығуы керек деп мәлімдеді.
Дегенмен, британиялық үкімет OneWeb компаниясындағы өзінің үлесін сатпайтынын жариялады.
OneWeb - мобильді спутниктік байланыс технологиясын пайдалана отырып, кең жолақты интернетті қамтамасыз етуге арналған спутниктердің өзара байланысқан жүйесі. Компанияның штаб-пәтері Ұлыбританияда орналасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959173-oneweb-baiqonyrdan-sputnikterdi-usyrudy-toqtatty/