Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылынан бастап Алматының барлық 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілді

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі фото: Pexels

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев көпбалалы аналармен кездесті. Жиын барысында ол жаңа оқу жылынан бастап қаладағы мемлекеттік мектептердің бастауыш сынып оқушылары әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Досаевпен кездесуге 40-тан астам көпбала ана, азаматтық белсенділер, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың басшылары келген.

Кездесуде бірқатар маңызды мәселелер талқыланған. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, оны әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бірыңғай жәрдемақыға ауыстыру мәселесіне жеке тоқталған.

Ерболат Досаев көпбалалы аналардың ұсыныстарын қарауға және оны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен талқылауға уәде берді.

Сонымен қатар, қала әкімі президенттің тапсырмасына сәйкес "Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінде оқитын бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар) әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін хабарлады.

"Балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру үшін Білім басқармасы теңгерімді және әртүрлі рационды құру мәселесін пысықтады. Қаржыландыру мәселесі жергілікті бюджетті нақтылау шеңберінде 4 наурызда мәслихатта қаралады", - дейді Ерболат Досаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959221-zana-oqu-zylynan-bastap-almaty-mektepterinde-oqityn-barlyq-1-4-synyp-oqusylaryna-tegin-tamaqpen-qamtamasyz-etildi/

pixel