Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік ұрлап бара жатқан адам видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Көлік апаты
Фото: instagram.com/almaty_kris_p

Алматыда көлік ұрлап бара жатқан адам видеоға түсіп қалды. Ал көлік иесі ер адамды тоқтатпақ болып, көліктің капотына секірген. Болған жайтқа қатысты қалалық полциия департаменті пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісінде жарияланды. Видеода аллеяда жаяу жүргіншілердің жүргеніне қарамастан, көліктің қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқаны бейнелеген.

Жазба авторының сөзінше, кадрлар Абай мен Алтынсарин даңғылдарының қиылысында түсірілген.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз біреу көлік ұрламақ болған.

"Көлік жүргізушісі оған қарсылық танытпақ болып, капотқа секірген. Алайда оның үстінде көп тұра алмай, құлап кеткен. Ұры көлікті жақын маңайға қалдырып, өзі жаяу қашып кеткен", - дейді полициядан.

Құзырлы органның мәліметінше, қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша, Қылмыстық кодекстің 200-бабында қарастырылған қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

"Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдіктіні іздеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959238-almatyda-kolik-urlap-bara-zatqan-adam-videoga-tusip-qaldy/

pixel