Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көктем
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге, яғни 5-7 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, 5 наурызда батыста және оңтүстікте, 6 наурызда солтүстік пен орталықта қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік өңірлерде бұрқасын болады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК көктем мезгіліне арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялаған еді.

Мамандардың дерегінше, наурыз айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, ал Қазақстанның солтүстік-батысында нормадан артық болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Шымкентте күн жылынып, нәтижесінде өрік ағашы гүлдей бастағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959264-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel