Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да із-түзсіз кеткен 48 жастағы ер адамға іздеу жарияланды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысында 48 жастағы ер адамға іздеу жарияланды. Ол бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны Андрей Коржан 28 ақпан күні үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Бойы шамамен 180 см. Үстінде жағасы бар қара-көк күртешесі, қара-көк джинсы шалбары, аяғында қара етігі болған.

Тәртіп сақшылары ер алам туралы қандай бір ақпарат болған жағдайда "102" арнасына хабарласуды сұрайды.

"Кейбір адамдар өз жоспарлары туралы жақындарына айтпай үйден кетіп қалады. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Бірі жұмыс іздеп, басқа аймақтарға жол жүруі мүмкін, енді бірі ішімдікке әуестеніп, таныстарымен көңіл көтеруге кетеді. Оларды туыстары өздігінен іздеп, нәтиже болмаған жағдайда полицияға жүгінеді", - деді Солтүстік Қазақстан облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959322-sqo-da-iz-tuzsiz-ketken-48-zastagy-er-adamga-izdeu-zariyalandy/

pixel