Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік Алматы-Қапшағай тас жолындағы әскери техникаға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Оқ
Көрнекі фото: pixabay.com

Қорғаныс министлігі әскери техника легі бар бейнежазбаға қатысты жауап берді. Ведомство ресми түсініктемені өз Telegram парақшасында жариялады.

"Алматы-Қапшағай» тас жолындағы әскери техниканың жүріп-тұруы Қазақстан Қарулы күштерінде жоспарлы түрде өтетін жауынгерлік даярлық іс-шараларымен байланысты. Жеке құрам мен әскери техника полигоннан тұрақты орналасқан жеріне жіберілді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы жылдың 25 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ, Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберілді",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, "Айша-бибі" полигонына және кері бағытта Қарулы күштерге тиесілі техникалардың қозғалысы жоспарланып отыр. Сонымен бірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әскери техникаларды темір жол көлігімен Батыс Қазақстаннан елдің оңтүстік бөлігіне жоспарлы түрде жеткізу де іске асырылады.

Қорғаныс министрлігі Әскери колледжінің оқушыларына практикалық сабақтар өткізу мақсатында Семей гарнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілді.

"Сонымен қатар, әлеуметтік желі пайдаланушылары Алматы қаласынан байқаған әскери техниканың Қорғаныс министрлігіне қатысы жоқ",- деді ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959353-ministrlik-almaty-qapsagai-tas-zolyndagy-askeri-texnikaga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel