Елордада заңсыз майнинг фермасы анықталды
Опубликовано:

Астанада заңсыз майнинг фермасы анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп, қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінде заңсыз майнинг фермасын анықтады.
Майнингке арналған 56 бірлік құрал-жабдық табылды.
Өндірілген криптовалютаны 237 000 АҚШ долларлар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдыру жүзеге асырылған. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген агенттік мәліметінде
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959364-elordada-zansyz-maining-fermasy-anyqtaldy/