Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлік терезесінен 2 млн теңге шашқан": Алматыда ер адамды полиция іздестіруде

Опубликовано:

Алматыда көлігінің терезесінен ақша шашты
скриншот: www.instagram.com/kris_p_brothers

Әлеуметтік желіде жүріп келе жатқан көліктің терезесінен қолындағы ақшасын түсіріп алған ер адамның видеосы тарап кетті. Бейнежазба сипаттамасында оқиға Алматы қаласында орын алғаны жазылған. Қазіргі таңда құқық қорғау органы қызметкерлері ақшасынан айырылып қалған азаматты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бастапқыда ақша шашқан ер адамдың видеосы Instagram-дағы kris_p_brothers парақшасында жарияланды.

"Алматылық жігіт жүріп келе жатып екі миллион теңгесін шашып алды. Ақшасын көрсетіп мақтанғысы келді, бірақ онысы жүзеге аспады", - делінген бейнежазба сипаттамасында.

Алматы полициясы басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов өзінің Telegram-каналында автоәуесқойдың әрекетіне қатысты пікір білдірді.

"Жүргізуші өз іс-әрекетімен жолда төтенше жағдай туғызды. Сонымен қатар ол көлік жүргізу кезінде тәртіпке назар аудармады. Ал бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін еді. Бейне астындағы белгілердің арқасында біз бұл фактіні назарға алып, құқық бұзушыны іздеумен айналысудамыз", - деді Рустам Абдрахманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959428-kolik-terezesinen-2-mln-tenge-sasqan-almatyda-er-adamdy-policiya-izdestirude/

pixel