Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде Twitter жұмысына шектеу қойылды

Опубликовано:

Twitter мен Youtube
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресей аумағында Twitter желісі бұғатталды. Осыған дейін көрші мемлекетте Facebook әлеуметтік желісінің жұмысына тосқауыл қойылған еді.

GlobalCheck сервисінің деректеріне сәйкес, әлеуметтік желі тек Ресей тұрғындарына қолжетімсіз.

ТАСС агенттігінің дерегінше, Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызмет әлеуметтік желіні "Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы" федералды заңның 15.3-бабына сәйкес бұғаттаған, ол тәртіпсіздікке, экстремистік әрекеттерді жүзеге асыруға, белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін бұқаралық (қоғамдық) іс-шараларға қатысуға шақыратын сайттарға кіруді шектеу тәртібін реттейді.

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Twitter желісіне 24 ақпаннан бастап тыйым салды.

Еске салайық, көрші мемлекеттің Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметі елдегі Facebook жұмысын толық бұғаттау туралы шешім қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1959456-reseide-twitter-zumysyna-sekteu-qoiyldy/

pixel