Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Телефонына мобильді қосымша жүктеген Петропавл тұрғыны 5 млн теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Телефон
Көрнекі фото: pxhere.com

Петропавл тұрғыны телефонына белгісіз қосымшаны жүктеп, 5 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 жастағы Петропавл тұрғыны телефонына белгісіз қосымшаны орнатып, алаяқтардың "құрығына" ілініп қалды.

Оған “банктен түскен қоңырау” схемасы арқау болған.

Күдікті зардап шегушіге қоңырау шалып, оның атына әлдекімнің несие ресімдеп жатқанын айтқан және телефонына AnyDesk бағдарламасын жүктеуге кеңес берген.

Ол алаяқтың айтқан кеңестерін қатесіз орындап, 5 миллион теңге несие рәсімдеген.

Кейінірек алданғанын білген әйел тәртіп сақшыларына хабарласқан.

"Әдеттегі желілік аферистердің басты мақсаты - жәбірленушінің шоттарына қол жеткізетін кодтар мен құпия сөздерді біліп алу. Егер жәбірленушінің телефонына қашықтықтан қол жеткізетін қосымша жүктелген болса, алаяқтың арам ойын іске асыруына еш қиындық тудырмайды.

AnyDesk — кең тараған бағдарламалардың бірі. Басқа қолданушының телефоныңызды басқаруына толық мүмкіндік береді, келетін sms-хабарламалар қылмыскерлерге бірден белгілі болады", - деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы полиция басқармасының басшысы Руслан Сапаров.

Осы орайда полиция қызметкерлері адамдарға “банктен түскен қоңырауларға” мүлде сенбеуге және белгісіз қосымшаларды жүктемеуге кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959476-telefonyna-mobildi-qosymsa-zuktegen-petropavl-turgyny-5-mln-tengesinen-aiyryldy/

pixel