Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында полиция қызметкерлері наша жеткізу арнасын жойды

Опубликовано:

гашиш тәркіленді
Фото: polisia.kz

Ақмола облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері наша жеткізу арнасын жойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, полицейлер есірткі қолданған күйінде көлік басқарған Бұланды ауданының 24 жастағы тұрғынын ұстаған. Ер адамның есірткі қолданғаны медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша расталған.

Ұсталған ер адамның көлігін тінту барысында наша оралған 6 түйіншек тәркіленген.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысты деген күдікпен Щучинск қаласының 60 жастағы тұрғын да ұстаған. Ер адамның тұрғылықты жеріне тінту жүргізу барысында жалпы салмағы 525,80 грамнан асатын ішінде наша бар 50-ден астам қағаз түйіншек табылып, тәркіленген.

Сонымен қатар, полицейлер тауарды алушы деген күдікпен 48 жастағы Бұланды ауданының тұрғынын да ұстаған. Ер адамнан тіркелмеген қару тәркіленіп, баллистикалық сараптама тағайындалған.

Ал 24 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты есірткі заттарын сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталған. Сондай-ақ, оған қатысты есірткі қолданған күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.

60 жастағы ер адам болса, аса ірі мөлшерде есірткі сақтағаны үшін жауапқа тартылатын болады. Полиция қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Одан бөлек, үшінші күдіктіге де қатысты "қаруды заңсыз сақтау" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959488-aqmola-oblysynda-policiya-qyzmetkerleri-nasa-zetkizu-arnasyn-zoidy/

pixel