Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жарылыс кезінде жоғалған сержантты іздестіру жұмыстары қайта жанданады

Опубликовано:

Бауыржан Дәуітбаев
Бауыржан Дәуітбаев. Фото: Отбасының жеке мұрағатынан

Былтыр тамыз айында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру жұмыстары қайта жанданады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бастаған комиссия Тараз гарнизонына жұмыс сапарымен барған.

"Байзақ ауданындағы әскери бөлімде министрге техникалық аумақты жарылыс қаупі бар оқ-дәрілердің қалдықтарынан тазарту туралы баяндалды. Оқиға салдарларын жою бойынша біріккен жасақтың күшімен Қайнар разъезінің, әскери қалашықтың, ұзындығы бес шақырым теміржол және автомобиль жолдары, сондай-ақ әскери бөлімнің іргелес аумақтары тазартылды.

Инженерлік оқ-дәрілер базасының аумағы түгелдей тазартылды. Жарылыс қаупі бар заттар мен металл сынықтарының бөлшектері арнайы жабдықталған алаңдар мен жинау пунктіне жеткізілді. Ашық сақталатын жеті алаң тазартылып, оқ-дәрі қалдықтары жарылыс алаңына әкетілді", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, министрлік 2021 жылғы тамызда болған жарылыстан хабар-ошарсыз кеткен кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары жалғасатынын хабарлады.

"Бұл жұмысты "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері мен Ұлттық ұланның жеке құрамын жұмылдыра отырып жүргізу жоспарлануда", - дейді ведомстводан.

Еске сала кетсек, еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Тараз маңындағы әскери бөлімдегі жарылысқа не себеп болғанын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959529-zambyl-oblysynda-zarylys-kezinde-zogalgan-serzantty-izdestiru-zumystary-qaita-zandanady/

pixel