Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда қызғалдақтар салынған қорапты бірер минутқа көшеге шығарған әйел сан соғып қалды

Опубликовано:

Гүл
Фото: Ақмола облысы ПД

4 наурызда Көкшетау полициясына гүл сататын дүкендердің бірінің иесі шағымданып, бәзбіреудің 300 қызғалдақты ұрлап кеткенін айтқан. Тәртіп сақшылары күдіктіні жарты сағаттың ішінде ұстаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, дүкен иесі келтірілген шығынды 90 мың теңге деп есептеген.

Әйелдің сөзінше, ол қызғалдақтарды сақтау үшін гүл салынған қорапты бірер минутқа көшеге шығарған. Дәл сол кезде белгісіз адам гүл салынған қорапты ұрлап кеткен.

Тауарының жоғалғанын білген кәсіпкер бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген.

Олар аумақты зерттеп, жедел басқару орталығы мен гүл салонының камераларындағы жазбаларды қараған.

Осылайша, құқық қорғаушылардың назарына іс-әрекеті күмән тудырған ер адам іліккен. Содан кейін жарты сағаттың ішінде 48 жастағы күдікті ұсталған. Ер адам ұрланған гүлдерді қайда тығып қойғанын да көрсеткен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қызғалдақтар дүкен иесіне қайтарылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде "Әулие Валентин" күнінде пайда тапқысы келген қазақстандық кей жігіттер танымал хабарландыру сайтында өз қызметтерін ұсынғанын жазған едік.

Сонымен қатар, Павлодарда басына көпқабатты үйдің терезесінен гүл шоғы құлаған аула сыпырушы полицияға арыз түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959533-koksetauda-qyzgaldaqtar-salyngan-qorapty-birer-minutqa-kosege-sygargan-satusy-aiel-san-sogyp-qaldy/

pixel