Ресейдің "Аэрофлот" әуе компаниясы 8 наурыздан бастап Қазақстанға да рейстерді тоқтатады
Опубликовано:

Ресейдің "Аэрофлот" әуе компаниясы уақытша барлық халықаралық рейстердің тоқтатылатынын хабарлады. Оның ішінде Қазақстанда бар. Шектеу 8 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті Telegram каналында.
"Аэрофлот" әуе компаниясының ақпараты бойынша, ұшуды орындауға кедергі келтіретін қосымша жағдайлардың туындауына байланысты "Аэрофлот" әуе компаниясы Қазақстанға барлық тұрақты рейстерді 2022 жылғы 8 наурыз Мәскеу уақыты бойынша сағат 00:00-ден бастап уақытша тоқтатады", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінен.
Комитет тоқтатылған рейстердің жолаушылары сатып алған орнынан билет құнын толық қайтара алатынын жеткізді.
Ал пайдаланылмаған билетті биыл жыл соңына дейін кез келген уақытта қайтаруға немее 2022 жылдың соңына дейін басқа күнге ауыстыруға болады. Бұл ретте, ведомство айыпппұл салынбайтыны атап өтті.
"Жолаушыларға әуе компаниясының ақпараттық хабарламаларын және брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері бойынша жеке ақпаратты қадағалау ұсынылады. Толық ақпарат әуе компаниясының сайтында орналастырылған", - дейді Азаматтық авиация комитетінен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959542-reseidin-aeroflot-aue-kompaniyasy-8-nauryzdan-bastap-qazaqstanga-barlyq-reisterdi-toqatady/