Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының мәслихаты "Almaty Business-2025" өңірлік бағдарламасының қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен бизнес субъектілері үшін жаңа несиелік өнім енгізу бөлігінде өзгерістерді бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеңілдікпен несие беру 12 айға дейінгі мерзімге жылдық 2%-бен 10 млн теңгеге дейін айналым қаражатын толықтыру үшін қарастырылған. Қарыз кепілге немесе "Алматы" ӘКК" АҚ ішінара кепілдігімен беріледі.

Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген, бағдарлама операторы "Almaty" МҚҰ" ЖШС болып табылады.

Кәсіпкерлерге өтінім беру үшін Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303 үй, 201 кабинет, Алматы МҚҰ кеңсесіне хабарласу қажет. Анықтама телефоны 2810 (ұялы телефоннан тегін), +7 727 356 02 80 (қалалық нөмірлерден).

Айта кетейік, бұрындары халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы тұлғаларға және өндірістік парктердің резиденттеріне «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында жылдық 2%-бен жеңілдетілген несиеге қарастырылған болатын.

Сондай-ақ, Алматыда шығынға ұшыраған бизнес субъектілері коммуналдық шығындардан 3 айға, қаланың коммуналдық меншігін жалға алушылар 6 айға жалдау ақысынан босатылған. "Almaty Finance" ЖШС және "Almaty" МҚҰ" ЖШС-ге негізгі қарызды өтеу мерзімі кейінге қалдырылды. 180 күнге дейінгі мерзімге несиелік міндеттемелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар жойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959558-almatyda-zappai-tartipsizdikter-kezinde-sygynga-usyragan-kasipkerlerge-zenildetilgen-nesie-beriledi/

pixel