Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

Опубликовано:

Аяз
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"ҚазАвтоЖол" ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 5 наурыз күні сағат 23.10-нан бастап республикалық маңызы бар Атырау-Орал (492-189 км, Оралдан Атырау облысына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылған.

Сол сияқты БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша сағат 23.30-дан бастап облыстық маңызы бар Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км, Тасқала-РФ шекарасы) және Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км, Үлкен Шаған-Переметный) жолдары жабылды.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін "Қазгидромет" РМК 6 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялаған еді. Мамандар Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтілетінін хабарлаған. Дәлірек айтқанда, бүгін олтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Одан бөлек, Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың орталығында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін, өңірдіңң батысында, солтүстігінде 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959575-batys-qazaqstanda-koktaigaqqa-bailanysty-zoldar-zabyldy/

pixel