БҰҰ: Украинада 351 бейбіт тұрғын көз жұмды
Опубликовано:

БҰҰ Украинада өткен аптадан бері 351 бейбіт тұрғын көз жұмғанын, 707-сі жарақат алғанын хабарлады, деп жазады "Хабар 24" арнасы.
Дегенмен, мамандар көрсеткіш бұдан әлдеқайда артық болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені кейбір өңірлерден мәлімет кешігіп жетеді.
БҰҰ-ның дерегі бойынша, Украинада бір миллион 200 мың адам жан-жаққа босып кеткен. Көбін көршілес Польша қабылдаған.
Сарапшылар алдағы күндері Украинадан қоныс аударғандар саны 4 миллионға дейін жетеді деп болжайды.
Себебі көп адам кескілескен ұрыс жүріп жатқан аймақтан шығып кетуге асық. Бірақ жерде тысқа шығудың өзі мұң болып тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959607-buu-ukrainada-351-beibit-turgyn-koz-zumdy/