Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы мәлімет: "Қызыл" және "сары" аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ

Опубликовано:

бетперде17
Фото:: NUR.KZ/Петр Карандашов

2022 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ел үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінше, "қызыл" және "сары" аймақта бірде-бір өңір жоқ.

"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін өткен тәулікте Қазақстанда 141 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тесті арқылы расталғанын хабарлаған едік.

Айта кетерлігі, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарында коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959646-songy-malimet-qyzyl-zane-sary-aimaqta-birde-bir-onir-qalgan-zoq/

pixel