Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы Батырлар аллеясынан маңдайша ұрлаған күдіктілерді ұстады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы полициясы Батырлар Аллеясының маңдайшаларын ұрлады деген күдікке ілінгендерді қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы Саябақта Батырлар Аллеясының тұғырынан 2 әріп пен 13 маңдайшаның ұрланғаны туралы арыз полицияға ағымдағы жылдың 4 наурызында келіп түскен.

"Бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына қаланың криминалдық полициясының қызметкерлері де кірді. Ұрылар бірден анықталды.

Сондай-ақ, қысқа мерзімде олар айдаған көлікті анықтау мүмкін болды.

Күдіктілер - үшеу. Олар Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғындары болып шықты. Жастары 24-26 шамасында.

Бүгінде олар ұсталып, қамауға алынды. Күдіктілер шойын маңдайшалар мен әріптерді қабылдау пунктіне өткізу үшін ұрлап кеткендерін мойындады.

Біз ұрланған мүліктің сатылу бағытын жедел анықтап, ұрланған заттарды сатып алуға қатысы бар тағы үш адамды анықтадық. Олар да сол ауылдың тұрғындары.

Соңғы орын – Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Бекмаханов көшесі бойындағы металл қабылдау пункті. Батырлар аллеясынан алынған әріптер мен маңдайшаларды ерітуге дайындаған", - деді Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

Тәркіленген заттай айғақтардың жалпы салмағы 44,5 келі болған.

Сатып алушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 196-бабы 1-бөлігі, яғни қылмыстық жолмен алынған мүлікті иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959656-almaty-policiyasy-batyrlar-alleyasynan-mandaisa-urlagan-kudiktilerdi-ustady/