Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов: Әйелдер қауымы еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді

Опубликовано:

Әлихан Смайылов742
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов нәзік жандыларды халықаралық мерекемен құттықтады. Үкімет басшысы әйелдер қауымы әр күн сайын еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министрдің құттықтауын Қазақстан үкіметінің telegram-арнасы жариялады.

Назарларыңызға толық мәтінін ұсынамыз:

"Қымбатты ханымдар!  

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адамзаттың асылы – әйелдер қауымы әр күн сайын еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Әр шаңыраққа шуақ шашып, әр ұжымның ұйытқысына айналған Сіздер тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында жемісті еңбек етіп жүрсіздер.

Сіздерге бар жақсылық, мықты денсаулық, ырыс-береке, істеріңізге сәттілік тілеймін. Аяулы жандарыңыздың ортасындағы қуанышты сәттеріңіз сарқылмасын! Ізгі ниетпен, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959668-smaiylov-aielder-qauymy-elimizdin-damuyna-olseusiz-ules-qosyp-keledi/

pixel