Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрі: Бетперде кимеуге болады деген шешімді қарастырып отырмыз

Опубликовано:

Ажар Ғиният
Видеодан кадр: Atameken Business

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус инфекциясы таралуының бәсеңдеуіне байланысты барлық шектеу шаралары алынуы көзделіп отырғанын жеткізді. Бұл туралы министр Atameken business телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Соңғы күндері ел бойынша барлық өңірлер жасыл аймаққа енгені байқалуда. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сөзінше, бұл эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін, коронавирус инфекциясының бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді.

Министр вакцинация, ревакцинация шаралары тұтастай ел бойынша жағдайдың тұрақтануына алып келгенін алға тартады.

"Егер Еуропа елдерінде омикрон штамымен күрес және халықтың арасындағы аурушаңдық екі-үш айға созылса, біз осы үкімет жанынан жүргізілген тұрақты жұмыстың арқасында, халықтың арасындағы ұжымдық иммунитетке байланысты соңғы толқынды бір айдың ішінде өттік. Қазір жасыл аймақтамыз", - дейді ол.

Соған қарамастан елімізде вакцинация, ревакцинация шаралары жалғасатын болады. Ажар Ғиният ревакцинациядан өтуге тиіс адамдардың 50 пайызы өткенін мәлім етті. Сондай-ақ, министрдің сөзінше, ұжымдық иммунитет 65 пайызға өскен.

Сала басшысы осыған байланысты көптеген жеңілдіктер болып жатқанын айтады. Мәселен, таяуда елімізде көшеде бетперде киюді міндеттемейтін шешім қабылданбақ.

"Берпердені шешетін уақыт болады. Көшеде, таза ауада бетперде кимеуге болады деген шешімді қарастырып жатырмыз. Барлық шектеу шаралары алынуы көзделіп отыр. "Ashyq" жүйесі өте жақсы жүйе болды. Әсіресе бизнес өкілдеріне. Ол жүйені біз қызыл аймақтарда қалдырамыз. Қазіргі кезде жағдайдың жақсаруына байланысты шектеу шаралары алынып жатыр", - дейді өз сөзінде Денсаулық сақтау министрі.

Ажар Ғиният коронавирусті түбегейлі жеңу мүмкін еместігін, көптеген ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, маусымдық тұмау сияқты вирустың біріне айналатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959678-densaulyq-saqtau-ministri-betperde-kimeuge-bolady-degen-sesimdi-qarastyryp-otyrmyz/

pixel