Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде жантүршігерлік жол апатында екі адам көлікке қыстырылып қалған

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: nakanune.ru

Өскемен қаласында жол апаты салдарынан көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылд деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Омаров көшесінде болған.

"Тойота Ланд Крузер" және "ВАЗ" автокөліктері соқтығысып, жол апаты салдарынан "ВАЗ" көлігіндегі жүргізуші мен жолаушы іште қыстырылып қалды.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Құтқарушылар гидравликалық құралмен 2 адамды алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды", - делінген ақпаратта.

Осы ретте департамент мамандары қандай да бір қиындыққа тап болған өңір жұртшылығына дереу "112" нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда Kia көлігін тізгіндеген әйел қозғалыс жолағының қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан болатын.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Kia көлігінің рөлінде 51 жастағы әйел болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол қозғалыс жолағының қарсы бетіне шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Жүк көлігін 69 жастағы ер адам басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959683-oskemende-zantursigerlik-zol-apatynda-eki-adam-kolikke-qystyrylyp-qalgan/

pixel